BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл еліміз бойынша 100 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

2017 жылдың басынан бастап Инвестициялар және даму министрлігінің қарамағына өткен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласында айтарлықтай ілгерлеушілік бар, дейді BAQ.kz тілшісі.

2016 жылы жалпы тұрғын үй құрылысы алаңының физикалық көлем индексі 118%-ды құрады. Ал осы жылы көлемі 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шамамен 90 мың баспана деген сөз.

Бұған дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып келген баспанамен қамтамасыз ету мәселесі осы жылдан бастап «Нұрлы жердің» қарамағына өткен болатын. Дегенмен «Нұрлы жолда» басталған құрылыс, ипотекалық жүйе сол бағдарламада аяқталады.

Осыдан біраз күн бұрын халыққа есеп берген сала басшысы Жеңіс Қасымбек: «Бұл сала бойынша инвестиция көлемі 2015 жылы 740 млрд теңге болса, 2016 жылы 830 млрд теңгеге жетті» - деп атап көрсетті. Демек биылғы жылы бұл көрсеткіш артпаса, кемімейтіні анық.

«Нұрлы жол» бағдарламасы еліміздегі барлық саланы қамтыды. Ал «Нұрлы жер» - әзірге халықты жаппай баспанамен, жер телімдерімен қамтамасыз етуді ғана көздеп отыр. Сондықтан да болар, жүргізілген реформалар нәтижесінде кәсіпкерлер үшін құрлыс жүргізуге рұқсат алу мерзімі 3 айдан 1 айға дейін қысқарды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің уақытын тиімді пайдалануына, құжат үшін көп уақытын жоғалтпауға тиімді мүмкіндік болды.

Аталған көрсеткіштер бойынша 2 жылда Қазақстан Бүкіләлемдік Банк рейтингісінде 152-орыннан 22-орынға көтерілді.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасы әзірленіп, оның аясында 1,5 млн. тұрғын үй салынатын болады. Ал, 2017 жылы 100 мың тұрғын үй жоспарланып отыр» - дейді Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі - тұрғын үй құрылысын бюджеттен тыс тікелей қаржыландыруға ауыстыру.

Негізгі басымдық жеке құрылысшыларды ынталандыру арқылы нарықтық қатынасты және тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесін дамытуға берілмек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер