BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бауыржан Байбек: Тұрғын үй құрылысын бұлайша жүргізуге болмайды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017-2024 жылдары сүрілуі тиіс ескі үйлерге қатысты жасалған жаңа бағдарлама аясында қала аумағындағы 1034 ескі құрылысты қайта жаңарту бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мың алматылық отбасы тұрғын үйін жақсартатыны айтылды. Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

«Біздің басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін барлық жағдай бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Ол жаңа үйлердің жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаң ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардың назарын жаңа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.

Алматы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қала басшысы жұмыс сапары барысында Жандосов көшесі бойындағы, Сүлейменов көшесі мен Щепкин көшесінің ортасына «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша салынған үйдің сапасына сын айтты.

«Құрылысты бұлайша жүргізуге болмайды. Бағасы төмен, қолжетімді баспаналар да сапалы салынуы тиіс»- деп атап өтті қала әкімі.

Ол орын алған барлық кемшілікті түзетуді, салынған үйлер айналасына ағаш отырғызуды, балалар және спорт алаңдарын салуды, тұрғындардың қозғалысы қиын топтары үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыруды және басқа да тиісті жағдайларды жасауды тапсырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер