BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 1,7 млрд теңгеге несие мақұлданған

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметіндегі «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының қорытындысына арналған брифинг барысында «Баспана» Ипотекалық Ұйымы» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді.

«Баспана» өз жұмысын қор нарығында облигацияларды сатып алу және орналастыру арқылы қаржыландырады. Қазіргі уақытта біз жалпы сомасы 50 млрд теңгеге құнды қағаздар шығаруды жүзеге асырдық. Компания сұранысына сәйкес, шамамен 40 млрд теңге орналастырылды. Келесі жылы 150-200 млрд теңгеге облигациялар орналастыруды жоспарлап отырмыз», - деді компания басшысы.

Ол келесі жылдың басында «Баспана» компаниясы «Алдын-ала бағалау» жобасын іске қосатынын айтты. Оған сәйкес «7-20-25» бғдарламасына қатысушыларды онлайн бағалау мүмкін болады.

«7-20-25» бағдараламасы залықтың үлкен қызығушылығын тудырғаны баршамызға мәлім. Қазір бұл ең қызу талқыланып жатқан мемлекеттік бастама. Жалпы бағдарламаға 3 млн астам қазақстандық қызығушылық білдірген. Ол іске қосылған уақыттан бері «Баспана» компаниясы 40 мыңнан астам сауалға жауап берген. Сондай-ақ, бағдарлама тетіктерін түсіндіру үшін өңірлерді аралау барысында банк пен компания өкілдері халықтың 6 мыңнан астам сұрағына тиісті жауап берді», - деді Алтынбеков.

Басқарма төрағасы атап өткендей, екінші баспананы ипотекаға рәсімдеуге бағытталған «Баспана Хит» бағдарламасы да оң нәтиже көрсетуде.

«Қазіргі уақытта бұл бағдарлама бойынша 5 млрд теңгеге өтініш келіп түсті. Соның ішінде, 1 млрд 700 млн теңгеге баспана несиесі мақұлданды», - деді «Баспана» Ипотекалық Ұйымының басқарма төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер