BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада сүрілген үйлердің орнына саябақ пен спорт алаңдары салынады

Астана қаласы әкімдігінің апатты үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 98 апатты үйдің тұрғындары жаңа үйлерге көшті. Ал ескі үйлердің орнына саябақтар мен спорт алаңдары салынбақ деп хабарлайды, Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы тұрғын үй басқармасының ақпараты бойынша 2013-2016 жылдар аралығында 117 апатты үй сүріліп, 1 570 отбасы жаңа үйге көшкен.

«Осы жылы 111 апатты үйден, 1 863 отбасыны көшіру жоспарланған, сонымен қатар, қазіргі кезде 98 апатты үйден 1 425 отбасыны жаңа үйлерге көшіру аяқталуда. Беріліп жатқан үйлер мына мекен-жайлар бойынша Астана қаласы, «Есіл» ауданы Е 16 көшесі, №2,4,6 үйлер және Құтпанов көшесі 28 үй», - деп хабарлады басқарма.

Қазіргі таңда қалған 13 апатты үйден 404 отбасыны көшіру үшін пәтерлерді тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сүрілген апатты үйлердің орнына саябақ, алаң, спорттық алаңдар салу жоспарланған. Ал, сүрілген ескі үйлердің кей орнына инженерлік коммуникациялар толық тартылған болса, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланған (Құтпанов-Алтынемел, Шынтас, Республика мен Мәскеу).

Мекеменің хабарлауынша, қазір сүріліп жатқан 228 апатты үйден бөлек, қосымша тағы 82 апатты жатақ тектес үйлер сүрілуге жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, апатты-ескі үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба алғаш рет елордада ТМД елдері арасында өткізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер