BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада пәтерлердің бағасы біртіндеп арзандап жатыр – ТҚЖБ

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Елордада қолданыста болған тұрғын үйлер нарығында бағалар төмендеуде. Бұл туралы Үкімет баспасөз орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасына арналған брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Астанада пайдалануда болған тұрғын үй нарығында стагнация байқалуда. Менің ойымша, бұл біріншіден жаңа тұрғын үйлердің салынуына байланысты. 2004 жылдан бастап 55 мыңға жуық жаңа пәтер пайдалануға берілді. Яғни 2004 жылы 49 мыңнан 2010-2011 жылдарға дейін 59 мың пәтер салынды. Ал 2015 жылы 79 мың пәтер, ал 2016 жылы 89 мың пәтер берілді. Осы жылдың 4 айында тағы 37 мың пәтер пайдалануға берілді. Әрине, негізгі инвестициялық қызығушылық Астанада. Жаңа салынған тұрғын үйдің көлемі үлкен. Ол қолданыста болған үйлердің бағасына әсер етуде. Сондықтан қолданыста болған тұрғын үйлердің нарығында біртіндеп бағалар төмендеуде», - деді ол.

Осы орайда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова нарықтағы баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты екенін атап өтті.

«Нарық сұраныс пен ұсыныстан тұратыны белгілі. Менің ойымша, қыркүйек айында (пәтерлердің – автор) бағасы бірден құлдырайды деген болжамдар нақтыланбайды. Ашығын айтқанда, пәтерлерге сұраныс бар. Мен мысал келтірдім. Өткен аптада ТЖҚБ-ның Астанадағы филалиында бір күнде 50 қарыз берілді. Сондықтан республика бойынша сұраныс бар. Менің ойымша, пәтерлердің бағасы жоғарыда айтылғандай төмендемейді. Тек баға тұрақталады. Бізді бағалардың тұрақтағаны қуантады. Себебі, баға теңгемен белгіленеді. Біздің жинаған ақшамыз да теңгемен сақталады. Негізгі мақсатымыз болған дедолларизацияға қол жеткізіп отырмыз. Бізде өткен жылдардағыдай ешкім пәтерінің бағасын доллармен көрсетпейді», - деп түйіндеді сөзін Ләззат Ибрагимова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер