BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бойынша тұрғын үй пайдалануға беріледі – ТЖҚБ

Елордада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысады. Ал тұрғын үй бас қалада жыл аяғына дейін беріледі. Бұл туралы Үкімет баспасөз орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасына арналған брифингтен кейін журналистерге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қашан қатысады? Қазір банк арқылы тұрғын үй беріліп жатқан жоқ па?», - деп сұрады журналист.

Ләззат Ибрагимова аталмыш мемлекеттік бағдарламаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қатысатынын айтты.

«Жоқ, біз үйлерді пайдалануға береміз. Астанада («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша беріліп жатқан - автор) тұрғын үй жоқ. Ал республика бойынша бар. Астанада аталған бағдарлама бойынша нысан қыркүйек айының басында берілуі қажет болған. Қазір инфрақұрылым тартылып жатыр. Жыл соңына дейін ол жұмыстар аяқталады», - деді ол.

Алайда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Астанада аталмыш мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу оңай болмайтынын жеткізді.

«Тағы да қайталап өтейін, Астанада үлкен конкурс болады», - деп түйіндеді сөзін Ләззат Ибрагимова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер