BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана күні мерекесі қарсаңында жамбылдық 800 отбасы баспаналы болды

Астана күні мерекесі қарсаңында жамбылдық 800 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Пайдалануға берілген 10 көпқабатты тұрғын үй мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған. Мерекенің қарсаңында аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев кезекте тұрған мемлекттік, бюджеттік ұйымдар мен әскери қызметкерлеріне, толық емес отбасыларға және тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

«Облыста соңғы 25 жыл ішінде 4,29 млн. шаршы метр тұрғын үй іске қосылған, ал, Елбасының «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы құрылыс саласына жаңа серпін берді. Өткен жылы осы Бағдарлама арқылы 318 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгін, соның аясында «Арай» алқабында құрылысы жүргізілген 10 үй пайдалануға беріліп, 800 отбасы баспаналы болып жатыр. Биылғы жылы халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында «Нұрлы жер» бірыңғай бағдарламасы қабылданды. «Нұрлы жер» - бұл алдағы 15 жылға арналған үлкен жоспар. Мұндай бастама елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаланың жаңа
14 мөлтек ауданының және «Тараз сити» замануи тұрғын үй кешенінің қалақұрылысы жобалары дайындалды», - деді өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Тараз қаласында 3 көп қабатты үйлердің құрылысы басталып, оның Арай шағын ауданындағы 2 үй жыл аяғына дейін, ал қалған 1 үй 2018 жылы Карасу шағын ауданында пайдалануға беріледі.

Жоғарыда айтылған алқаптарда көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын салу мемлекеттік және жеке заңды тұлғалардың бюджеттері есебінен жүргізілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер