BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана әкімдігі үлестік құрылыс проблемаларын шешу жолдарын қарастырды

Астана қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының үкіметі және мүдделі орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында проблемалы үлестік құрылыс нысандарының құрылысын аяқтау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Әзірленіп жатқан механизм нысандардың құрылысын аяқтап, бөлінген мемлекеттік қаржыны қайтаруды көздейді.

Барлық нормативтік шешім және процедураларды 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылдау жоспарланып отыр. Осыдан кейін үлестік құрылыстың әрбір нысаны жеке-жеке кесте бойынша қарастырылады. Ал, кесте 2018 жылдың 10 қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер