BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

А.Мамин "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыспен танысты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбеде болды. Бүгін вице-премьер «Нұрлы жер» бағдарламасының тез тұрғызылатын аз қабатты несиелік үйлерінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуын басым міндеттердің бірі ретінде көрсетті. Ақтөбе облысында президенттің аталмыш тапсырмасын сапалы орындау үшін барлық шаралар қабылдануда.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев бірінші вице-премьерге «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы үйлердің құрылыс барысын, жобалық шешімінің ерекшеліктері мен тұрғызылып жатқан пәтерлердің сапасы туралы баяндады.

Сонымен, «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы шағын аудандарында 2017-2018 жылдары 423 аз қабатты жеке үйлер салынса, соның ішінде жалпы аумағы 25 мың шаршы метр болатын 194 үй 2017 жылы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, шағын ауданда «таунхаус» типіндегі 3-4 қабатты 60 үй тұрғызылуда. Оның ішінде аумағы 53,3 мың шаршы метр болатын 22 үй осы жылы беріледі. 2017 жылы нысандарды пайдалануға беру облыстағы мыңнан аса отбасыны баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

«1280 гектар жерге аумағы шамамен 2 млн шаршы метр болатын кем дегенде 4200 пәтер салуды жоспарлап отырмыз. 2020 жылға қарай мұнда кем дегенде 110 мың адам тұру қажет. Бүгінде жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдеріне кезекте тұрған адамдар саны – 130 мың, олардың 109-ы Ақтөбе қаласы бойынша, 53 мың адамның «ТЖТҚБ»-де жинақтары бар. Қазіргі таңда 350 адам өздерінің төлем қабілеттерін растады. Біздің мақсатымыз – үйлерді қысқа мерзім ішінде салып, кезекте тұрғандардың бәріне баспана беру», - деді облыс басшысы.

Ауқымды шараның жүзеге асырылуына ондаған құрылыс компаниялары тартылып, 130 кәсіпорынға құрылыс материалдарын шығару 100% жүктелді. Нысандарды тұрғызу кезінде пайдаланылған материалдардың 80%-дан астамын жергілікті кәсіпорындар шығарады.

Инженерлік коммуникациялар тарту мен барлық қажетті инфрақұрылымдар құру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Сонымен, мұнда 1200 орындық мектеп салу жоспарда бар, МЖС аясында 300 орындық балабақша, емхана тұрғызылатын болады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары құрылыс жұмыстары аяқталған үйлерді қарап шықты.

- Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы жақсы қарқынмен жүргізілуде. Бір апта ішінде сапалы үй жинақталып салынбақ, ең бастысы – бағасының төмендігі»,-деп атап өтті А.Мамин.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша мәселелер Асқар Маминнің төрағалығымен облыс әкімдерінің құрылыс сұрақтарына жетекшілік ететін орынбасарларының қатысуымен өткен жиналыста талқыланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер