BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысында пайдалануға берілетін үйлердің көлемі 1 млн шаршы метрге дейін жеткізілмек

Биылғы жылы Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 251 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1 126 пәтер мен 27 нысанның инженерлік-коммуникациялық жүйесін жасау жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жиында жасаған баяндамасында облыс басшысы Талдықорған қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында коттедж қалашығы құрылысының пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастағанына тоқталып өтті. Оған 2 млрд теңге бөлінген. Барлығы 606 үй болса, соның 48 пәтерлік 12 үйі мен 124 коттеджі биыл салынбақ.

«Дегенмен облыс тұрғындарын баспанамен қамту көрсеткіші бір адамға шаққанда әзірге 18,5 шаршы метрден айналады. Мемлекет басшысы Жолдауында 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 30 шаршы метрге жеткізуді міндеттеп отыр. Ол үшін біз тиісті шараларды қабылдап, жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің көлемін 1 млн шаршы метрге жеткізетін боламыз», - деді Амандық Баталов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер