BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы үйлердің тұсауы кесілді

Ақтөбеде мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылған алғашқы дайын тұрғын үйлердің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Baq.kz.

Құрылыс кестеге сай жүргізілуде. Қазіргі таңда аумақты абаттандыру, шатыры мен қасбетін орнату, пәтердің ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, 2017 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша өңірде тұрғын үй құрылысының тұрақты өсімі байқалды. Бұған Ақтөбенің Қазақстанда «таунхаус» типіндегі үшқабатты несиелік және тез тұрғызылатын жеке тұрғын үйлердің құрылысын қарастыратын «Нұрлы жер» бағдарламасының пилоттық жобасын жүзеге асырған алғашқы қалалардың бірі болуы бірден бір себепші.

Жобаның бірінші кезеңінде 210 мың м2 тұрғын үй немесе 2952 пәтер салынды, соның ішінде 914 отбасы биыл жекеменшік баспанамен қамтылды.

2017 жылдың басынан бері облыс бойынша 242 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, ал жыл соңына дейін кем дегенде 650 мың м2 тұрғын үй салынбақ. Бұдан өзге, ЖТҚ дамыту аясында кезекте тұрған облыс тұрғындарына 15 мың жер телімі берілетін болады.

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер