BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде 10 пайыздық алғашқы жарнамен пәтерлер беріле бастады

Фото: ambito.com

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде баспана кезегінде тұрған азаматтарға он пайыздық алғашқы жарнамен пәтерлер беріле бастады. Бұл пәтерге мұқтаж жандарға арналған облыс әкімдігінің қолдауы. Осы мақсатқа бөлінген қомақты қаражат 500 үйді иемденуге бағытталған. Бұл туралы aktobetv.kz сайты хабарлайды.

«Нұр-Ақтөбе» шағын ауданынан бір бөлмелі пәтер алған Алла Яскинаның қуанышында шек жоқ. Музыка мектебінің оқытушысы үшін жаңа баспанаға қол жеткізу арман болатын. Енді ол ойы жүзеге асып, үйлі болды.

Баспанаға мұқтаж жандар үшін материалдық қолдау көрсетуді облыс әкімдігі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесе жүргізуде. Бұл мақсатқа бюджеттен 250 млн теңге бөлінді. Қаражат осы ауданда салынған үйлердегі бір бөлмелі пәтерді немесе коттедждерді сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төмендетуге бағытталады. Нәтижесінде, үміткер тек баспана құнының он пайызын жинаса жеткілікті.

Әкімдіктің көмегін иеленген ақтөбеліктер қарыз ақшасын бес жыл ішінде ешқандай үстемесіз қайтарады. Әрі қарай банкке қарызын төлейді.

Осындай қолдаудың арқасында биыл Нұр-Ақтөбе ауданынан 500 үйді тапсыру жоспарланған. Мұндай игі шара «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Оған қатысуға ниет білдірген тұрғындардың өтініштері халықтық кеңсе мен Алтынсарин көшесі-2 мекен жайындағы ғимараттарда қабылдануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер