BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Моңғолиядағы Қазақстан Елшісі Баян-Өлгей аймағы басшыларымен кездесті

Моңғолиядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Қалыбек Қобыландин Баян-Өлгей аймағының әкімі Ғылымхан Айыпұлын, Аймақтық Азаматтар өкілдер құрылтайының төрағасы Бауыржан Дәлелұлын және әкім орынбасары Қабыл Шәріпұлын қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті МОНЦАМЭ порталына сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы шекара мәселесі талқыланды. Сонымен қатар Моңғолиядан Қазақстанға келетін жергілікті азаматтардың Ресей шекарасы арқылы өту барысында туындайтын кедергілер де сөз болды. Бұл мәселе бойынша арнайы шара қолдану керектігі айтылды.

"Кездесу барысында Баян-Өлгей аймағындағы жұмыссыз жастарды Атажұртқа апарып жұмыспен қамту мәселесі сөз болды. Сонымен қатар 29-30 наурызда екі мемлекеттің құзырлы орган басшыларының кездесуі болатындығы жайлы әңгіме өрбіді. Жалпы Елші мырзамен кездесу барысында бірқатар күрделі мәселелер талқыланды" - дейді Аймақтық Азаматтар өкілдер құрылтайының төрағасы Бауыржан Дәлелұлы.

Мұнан бөлек, Моңғолия Республикасының президенті атында халықаралық айтыс өткізу жоспары талқыланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер