Моңғолиядағы қазақ журналисі Қазақстанның «Ақпарат саласының үздігі» атанды - Моңғолия қазақтары|22 Қаңтар 2018, 18:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Моңғолиядағы қазақ журналисі Қазақстанның «Ақпарат саласының үздігі» атанды

Моңғолиядағы «Арулар» одағының төрайымы және «Ару жұлдыздар» журналының бас редакторы, қандасымыз Айнагүл Сарайқызына ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның Моңғолиядағы елішілігі мәлімдеді.

"Елші Қалыбек Қобландин Моңғолия Журналистер одағының мүшесі, Моңғолиядағы «Арулар» одағының төрайымы және «Ару жұлдыздар» журналының бас редакторы, қандасымыз Айнагүл Сарайқызына ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» медалін табыс етті" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Айнагүл Сарайқызына бұл құрметті дәреже Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 25 жылдығы мерейтойлары аясында берілген.

Біз де алыстағы қандас әріптесімізді құрметті дәрежесімен құттықтаймыз!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер