BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Моңғолияда жас қазақ кәсіпкерлер шай өндірумен айналыса бастады

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын ағайынды жігіттер құрған "Western-Besik" компаниясы "Бай-Өлке" атты шай өндіре бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Б.Солтанбек, Ж.Жоламан есімді екі жігіт университет бітірген соң, 2016 жылы "Western-Besik" компаниясын құрады. Компания қазақ халқының ежелгі дәстүрімен “Sakhar” деген атаумен қара сабын (сахар) жасауды қолға ала бастайды. Бұдан басқа, қазақы ою-өрнек салынған сөмке, кәшөлөк, т.б. кәдесыйлар жасайды.

«Біз басында Ұланбатыр қаласында қолға алғанбыз. Енді өзіміз туып-өскен Өлгей қаласында да шай өндіруді қолға алып отырмыз. Шайдың негізгі шикізатын Үндістанның Дели қаласынан әкелеміз. Әзірге шайдың жапырақты және түйіршікті – екі түрін өндіреміз. Біз өндірген шай қазіргі нарық бағасынан 10 пайызға арзан болады деп жоспарлап отырмыз» - дейді компания басшылары.

Қазіргі таңда компания айына 6000 қорап шай өндіруге қауқарлы. Бұл Баян-Өлгейдегі шайды тұтыну көлемінің 40-50 пайызын иелене алады деген сөз.

Бұған дейін өлгейліктер Ресей мен Қазақстаннан экспортталған шайды тұтынатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер