Моңғолияда тұратын қазақ суретші АҚШ-та өтетін сурет көрмесіне қатысады - Моңғолия қазақтары|11 Сәуір 2017, 15:32
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Моңғолияда тұратын қазақ суретші АҚШ-та өтетін сурет көрмесіне қатысады

Баян-Өлгий аймағының азаматы, Дэлүүн ауылының жалпы білім беретін мектебінің қолөнер пәнінің мұғалімі, суретші Д.Солтаншәріптің соңғы екі жыл бойы сызған суреттері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін «Арман мен ой» атты онлайн сурет көрмесіне қатысуға шақырту алды, деп хабарлайды BAQ.kz.

Нью-Йоркта биылғы жылы сәуірдің 16 мен 23 аралығында өтетін көрмеге Солтаншәріптің арнайы жолдаған 6 суретінің екеуі қойылатын болды.

Солтаншәріп бұған дейін аймақ көлемінде өткен суретшілер байқауының алтын медаль иегері. Ол суретшілікті бастаған 1995 жылдан бері қазақ халқының ұлттық ерекшелігін танытатын көптеген туындыларды дүниеге әкелді.

Суреттер: bayan-olgii.gov.mn


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер