Моңғолиядағы қазақтар қоныстанған Баян-Өлгей аймағында наурыз мерекесіне орай "Алтайдың үш шыңы – Ақыт, Бааст, Ақтан" тақырыбында халықаралық мүшәйра өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Моңғолиядағы қазақтар қоныстанған Баян-Өлгей аймағында наурыз мерекесіне орай "Алтайдың үш шыңы – Ақыт, Бааст, Ақтан" тақырыбында халықаралық мүшәйра өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттар арасындағы татулықты, қазақ, моңғол тілінің сөз байлығын, жаңадан шығып келе жатқан дарынды жас ақындарды қолдау мақсатында Моңғолия президенті әкімшілігінің бастамасымен өтетін халықаралық мүшәйраны Баян-Өлгей аймағы әкімшілігі, Азаматтар өкілдер құрылтайы, Моңғолия Жазушылар одағы қатырлы мекемелер ұйымдастырып отыр.
"Қазақ халқының белгілі ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ақыт қажы Үлімжіұлы, Баян-Өлгей аймағынан шыққан Моңғолияның халық жазушысы, Мәдениет қайраткері Бааст Бөхұлы, жазушы, ақын, Моңғолия өнер қайраткері Ақтан Бабиұды қатарлы үш алыптың өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын, сол арқылы еларалық ынтымақтастықты дәріптейтін мүшәйра 21-22 наурызда Баян-Өлгей аймағының орталығы Өлгей қаласында өтеді" - деп жазады МОНЦАМЭ агенттігі.
Халықаралық мүшәйраға Моңғолия, Ресей, Қазақстан, Қытай елдерінен ақындар қатысады деп жоспарланып отыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!