Моңғолия қазағы «Әлем Барысының» жартылай финалына шықты - Моңғолия қазақтары|08 Қыркүйек 2017, 16:27
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Моңғолия қазағы «Әлем Барысының» жартылай финалына шықты

Фото: Абзал Қалиев

Астанада өтіп жатқан «Әлем Барысы» чемпионатында Моңғолиядан келген Серік Бердімұратұлы грек балуанын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әлем Барысының» ширек финалында Моңғолия қазағы Серік Бердімұратұлы грек балуаны Тэнторэ Масманидистен басым түсті. Осылайша 2017 жылы өткен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы Серік Бердімұрат екінші рет өтіп жатқан «Әлем Барысының» жартылай финалына шықты.

Еске сала кетсек, ширек финалда қос қазақстандық балуан Айбек Нұғымаров пен Еламан Ерғалиев қарсылас атанып, тартысты белдесуде Айбек басым түскен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер