BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

ҚР СІМ Ресейде жол апатына ұшыраған әйелдің туыстарын іздеп жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Алтайда болған жол апатынан зардап шеккен әйелдің туыстарын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Зардап шеккен әйелдің есімі - Білімбай Хасен, 1943 жылғы.

"Ол комада жатыр. Әйелді білетіндерден хабарласуды сұраймыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алтайда болған жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйелдің ауыр жағдайда жатқаны хабарланған болатын.

Естеріңізде болса, бұған дейін де Алтай республикасында Моңғолия азаматтары отырған шағына втобустың қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алғандығын жазғанбыз. Жұмаға қараған түні Онгудай ауданында Шүй тасжолы жолының 659 шақырымында SsangYong Istana шағын автобусы аударылып қалған. Жол апатынан кейін шағын автобустағы 14 жолаушы аурухана жеткізіліп, оның 12-сі емдеу мекемесіне жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, соның салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, аударылған. Тежегіш жүйесінің ақауы жол-көлік оқиғасына себепші болып отыр.

Ресейлік дәрігерлер жол апатына ұшыраған азаматтардың жағдайы туралы мәлімдеген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер