«Ел көшкенде» атты ән байқауы өтеді - Моңғолия қазақтары|14 Ақпан 2017, 11:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Ел көшкенде» атты ән байқауы өтеді

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында туып-өсіп, саналы ғұмырында талай өнер туындысын өмірге әкелген композитор, марқұм Ержан Файзоллаұлының әндерінен «Ел көшкенде» атты байқау өтпекші, деп хабарлайды qazaqtimes.kz.

Байқауды ұйымдастырушылардың бірі, М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының әншісі Ләйла Смағұлқызының KAZNEWS тілшісіне берген мәліметіне сүйенсек, байқау 18-19 апқан күндері Баян-Өлгий қаласында өтеді. Оған 20 жастан жоғарғы әуесқой өнерпаздар қатысып, бақ сынайды. Байқаудың шарты бойынша олар тек Ержан әндерін ғана орындауы тиіс. «Байқаудың мақсаты Бай-Өлкелік композитор Бержан Файзоллаұлының әндерін халыққа дәріптеу, керей әуендерін сақтап қалу» дейді Ләйла. Айта кетерлігі, байқауға қомақты жүлде қоры тағайындалған.

Бержан Файзоллаұлы 1954 жылы Өлгий қаласында туған. Музыкалық білім алған. Аймақтық қазақ музыкалы драма театрында ұлттық оркестрдің бас дирижері болып қызмет істеген.

Ержан – елге танымал көптеген әндер шығарған сазгер. Белгілі ақын Мұрат Пұшатайұлымен бірлескен шығармашылық ізденістері нәтижесінде он шақты ән дүниеге келген. Оның «Ел көшкенде» әні елеулі тарихи оқиғамен – 1990 жылдардың басында Қазақстанға үдере көшкен Баян-Өлгий қазақтарының қоныс аударуына байланысты туған ән. Туынды халық арасына кең тараған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер