«Білім» студенттер клубы мәдени күндік ұйымдастырды - Моңғолия қазақтары|11 Наурыз 2017, 14:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Білім» студенттер клубы мәдени күндік ұйымдастырды

Қазақ халқының мәдениетін, салт дәстүрін насихаттауға арналған күндік Моңғолия Мемлекеттік университетінде болып өтті. Мәдени күндікті университет жанындағы «Білім» студенттер клубы ұйымдастырды.

Наурыз мейрамын мерекелеуге орай шараны ұйымдастырушылар залды ұлттық әшекейлермен безендірген.

Киіз үйдің жанында қонақтарға арнайы жасалған дәмді тағамдар мен қазақтың салт дәстүрін сипаттайтын түрлі қолөнер туындылары жайылып, ұлттық ойындар ойналумен қатар домбырамен әртүрлі күйлер шертіліп, саятшылық өнер насихатталды.

Келген қонақтарға «бүркіт» биін билеп қайтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер