Баян-Өлгейден Қазақстанға келетін жол қысқаруы мүмкін - Моңғолия қазақтары|15 Тамыз 2017, 13:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Баян-Өлгейден Қазақстанға келетін жол қысқаруы мүмкін

Баян-Өлгей аймағының әкімі Ғылымхан Айып ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен кездесу кезінде Моңғолия шекарасынан Шығыс Қазақстанға дейінгі жолды қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі күні Моңғолия тұрғындары Қазақстанға келу үшін қос шекарадан өтуге мәжбүр. Бұл көп ыңғайсыздықтар тудыруда. Ғылымхан Айып бұл мәселенің шешімін Баян-Өлгей мен Шығыс Қазақстанды тікелей байланыстыратын тас жол салу арқылы шешуге болатындығы туралы пікірін білдірді.

"Дәл қазір логистика бойынша проблемалар туындап отыр, Қазақстанға келу үшін алдымен Ресей шекарасын басып өту керек. Бұл, әсіресе, жүк тасымалында ыңғайсыздықтар тудыруда. Алайда, 200 шақырымдық жол бар екендігін де айта кеткен жөн. Бұрын ол жолмен Семейдің ет комбинатына мал айдаған болатын. Егер аталмыш жерге тас жол салсақ, бұл сапар тездігі және ыңғайлылығын қамтамасыз етумен қоса, қос аймақ арасындағы тауар айналымын арттырары сөзсіз, - дейді Ғылымхан Айып.

Даниал Ахметов жолды қысқарту туралы ойдың маңыздылығын атап өтіп, бұл мәселені шешу жолында Шығыс Қазақстан тарапынан да барынша күш салынатындығын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер