Баян-Өлгий: Олимпиадада қазақ қызы қоғамтану пәнінен алтын медаль иеленді - Моңғолия қазақтары|12 Мамыр 2017, 10:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Баян-Өлгий: Олимпиадада қазақ қызы қоғамтану пәнінен алтын медаль иеленді

Моңғол елінде осымен 21 рет ұймдастырылып отырған қоғамтану пәнінің мемелекеттік олипиядасында Меруерт Жәнібек Баян-Өлгий аймағы бойынша бірінші кезеңінде топ жарған болатын. Ол ендігі кезекте ел көлеміндегі облыс-аудандардан озып келген келген қарсыластарынан озық шығып, Мемелекеттік олипияданың бас жүлдесі – алтын медалын жеңіп алды.

Бұл пән бойнша Баян-Өлгийдегі қазақ оқуышлары арасынан алғашқы жүлде болып есептеледі. Меруерт Жәнібекқызы сонымен бірге, 2013 жылы мемелекетік орыс тіл олипиядасына қатысып 2-орын иеленсе, 2017 жылы сәуірде өткен Қоғамтану пәнінен Мелекетік олипиядадаа тағы да топ жарып, алтын медаль алған екен.

Моңғол елінің Ұлттық арнасына берген сұхбатында Меруерт әкесі Құрмет Жәнібектің білікті заңгер екенін айта келе, әке жолын қуып заң саласында білімін ЖОО жалғасытыратын айтты.

Меруерт Жәнібек Баян-Өлгий аймағындағы «Дарын» орта білім мектебінің 12 сыныбында оқиды. Бос уақытында шахмат және волейбол ойнайды. Ағылшын, орыс, моңғол тілдерін еркін менгерген.

Жанарбек Ақыби


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер