Баян-Өлгий аймағы әкімінің жұмыстан кетуін талап етті - Моңғолия қазақтары|31 Қазан 2017, 18:32
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Баян-Өлгий аймағы әкімінің жұмыстан кетуін талап етті

Қазан айының 30 күні аймақтық Азаматтар өкілдер құрылтайының кезектен тыс жиналысы барысында аймақ басшысы Ғылымхан Әлидің жұмыстан кетуін талап етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті montsame.mn сайтына сілтеме жасап.

Аймақтың Азаматтар өкілдері құрылтайының Демократиялық партия бойынша 16 өкілі бір ауыздан аймақ әкімін жұмыс істей алмады, заңға қайшы әрекеттер жасады, өз міндетін дұрыс атқармады деп тауып, мерзімінен бұрын жұмыстан кетуін талап еткен. Соның негізінде қазан айының 16-нан бастап Азаматтар өкілдері құрылтайының басшысы Бауыржан Дәлелұлына аймақ әкімінің міндетін атқарушы қоса жүктелген.

Алдағы уақытта аймақ әкімінің орынына Азаматтар өкілдер құрылының орынбасары аймақтық біріккен аурухана басшысы Т.Серікжанды тағайындау бойынша ұсыныс жасалып жатыр.

Алайда аймақ әкімі А.Ғылымхан бұл жиынның шешімі заңсыз деген пікірде.

"Себебі бұл жиынға Құрылтай төрағасы қатысқан жоқ. Жиынның хаттамасы бізге әлі берілген жоқ. Бұл жағдай Мемлекеттің жергілікті басқаруға қатысты заңына қайшы" - дейді аймақ басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер