BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Баян-Өлгейлік оқушылар «Күлтегін» атты этно-фольклорлық топ құрды

Баян-Өлгей аймағының Жалпы орта мектебі оқушыларының бастамасымен халық музыкасын орындаушы «Күлтегін» атты этно-фольклорлық топ құрылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Моңғолиялық МОНЦАМЭ агенттігінің мәліметіне қарағанда, қазақ халқының дәстүрлі музыкасын, рухани мұрасын, ұлттық музыка аспаптарын насихаттауды мақсат тұтқан топтың негізін Еркінбек Мамырханұлы есімді музыкант құрған. Дәстүрлі музыканы дәріптеуші топтың құрамында қазір алты адам бар. Алдағы уақытта топ мүшелерінің санын көбейту жоспарланған.

«Күлтегін» тобының ерекшелігі домбырада, қобызда, жетігенде, сыбызғыда еркін ойнаумен қатар, қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан ортеке, шіңкілдек, шаңқобыз, дауылпаз қатарлы ұлттық аспаптарды қайта жаңғыртып, қазақ халқының музыка өнерін дамыта түскіміз келеді» - дейді топ негізін қалаушы музыкант Еркінбек Мамырханұлы.

Оның айтуына қарағанда, топқа керекті музыкалық аспаптың біразын өз қаржысымен Қазақстаннан апарған.

Сонымен қатар ол репертуарларын ұлттық ерекшеліктерімен байытуға, экскурсиялар жасап, отандық және халықаралық жарыстарға қатысуға қызығушылық таныттып отырғандықтарын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер