Баян-Өлгейдегі сел. Бауыржан Дәлелұлы: Бүгін де жаңбыр тоқтамаса жағдай қиын - Моңғолия қазақтары|15 Шілде 2018, 18:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Баян-Өлгейдегі сел. Бауыржан Дәлелұлы: Бүгін де жаңбыр тоқтамаса жағдай қиын

Үш күннен бері толассыз жауған жауын салдарынан Баян-Өлгей қаласында сел түскенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Табиғат апатының салдарын білуге Аймақтық азаматтар өкілдер құрылтайының төрағасы Бауыржан Дәлелұлына хабарласқанымызда ол осылай деді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Өлгейге үш күннен бері толассыз жауын жауып тұр. Әлі де тоқтайтын түрі көрінбейді. Соның салдарынан кеше түнгі 23 сағат шамасында Бөкентаудан сел түскен болатын. Бүгін, күндіз 15 сағатта тағы сел түсті. Қазіргі жағдаймен 40-тан астам үй селдің астында қалды. Адам шығыны жоқ» - дейді Бауыржан Дәлелұлы.

Оның айтуына қарағанда әзірге селдің беті қайтқан. Дегенмен, жаңбыр бәсеңдемесе бүгін түнде тағы да сел түсеме деген қауіп бар.

«Әзірше сел тоқтады. Дегенмен ауа райын бақылаушылардың мәліметі бойынша бүгін түнде тағы да жауын жауады деген болжам бар. Енді жаңбыр жауатын болса, жағдай қазіргіден де ауырлай түсетіні анық" - дейді ол.

Естеріңізде болса, 2016 жылы 10-11 шілде күндері қатты жауған бұршақ салдарынан Моңғолияда тұратын қандастарымыз орналасқан Баян-Өлгий қаласында сел түсіп, 700 адам баспанасыз қалған болатын. Және 300 үй жарамсыз деп танылған еді. Осы оқиғаға байланысты қазақстандық белсенді жастар арнайы қор құрып, ата жұрттан алыстағы қандастарымызға көмектескен болатын. Мұның сыртында Қазақстан тарапы да атажұрттан жырақтағы бауырларымызға көмек қолын созып, 200 мың доллар көлемінде қаржылай көмек көрсеткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер