Баян-Өлгейдегі сел. 275 үй су астында қалды - Моңғолия қазақтары|16 Шілде 2018, 11:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Баян-Өлгейдегі сел. 275 үй су астында қалды

Фото: montsame.mn

Бұған дейін хабарлағанымыздай Баян-Өлгей аймағында сел түсіп, қырықтан астам үй су астында қалған болатын. Соңғы ақпаратқа сәйкес су басқан үйлердің саны артқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша қаланың 5 ауданына қарасты 275 отбасы су астында қалған.

«Сел түскен аумақта орналасқан 2, 3, 4, 11, 12, 13-аудандардың тұрғындарының қаша-қорасы, құдығы, баспанасы су астында қалған. Сел зардаптарын жоюға Аймақтық ТЖД, Қарулы күштердің №340 бөлімі, Байланыс орны қызметкерлерінен құралған 124 адам және 24 техника жұмылдырылды» - делінген хабарламада.

Қазіргі жағдайда 163 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, 95 адамды Өлгей қалалық №6 орта мектептің жатақханасына орналастырған. Адам шығыны жоқ, алайда селдің салдарынан материалдық шығынға батқан тұрғындар бар.

«Қазіргі жағдайда су тасқынының беті қайтты. Кешегіден кейін сел түскен жоқ. Кешеден бері аймақ әкімі Ғылымқан Әлиұлы, орынбасарлар сел түскен аумақта жұмыс істеп жатыр. Қазір күн шықты, жаңбыр басылған. Енді тоқтау суларды сорғызу жұмыстары жүріп жатыр» - дейді Аймақтық азаматтар өкілдер құрылтайының төрағасы Бауыржан Дәлелұлы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше үш күн бойы тоассыз жауған жауын салдарынан Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағында сел түскен болатын.

Естеріңізде болса, 2016 жылы 10-11 шілде күндері қатты жауған бұршақ салдарынан Моңғолияда тұратын қандастарымыз орналасқан Баян-Өлгий қаласында сел түсіп, 700 адам баспанасыз қалған болатын. Және 300 үй жарамсыз деп танылған еді. Осы оқиғаға байланысты қазақстандық белсенді жастар арнайы қор құрып, ата жұрттан алыстағы қандастарымызға көмектескен болатын. Мұның сыртында Қазақстан тарапы да атажұрттан жырақтағы бауырларымызға көмек қолын созып, 200 мың доллар көлемінде қаржылай көмек көрсеткен болатын.

Фото: montsame.mn


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер