Баян-Өлгейдегі "Ақкөл" шекара бекеті 12 сағат жұмыс істеуі мүмкін - Моңғолия қазақтары|05 Сәуір 2018, 10:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Баян-Өлгейдегі "Ақкөл" шекара бекеті 12 сағат жұмыс істеуі мүмкін

Қазақстан мен Баян-Өлгейдегі азғана қазақты байланыстырып тұрған Моңғолияның «Ақкөл» кедендік бақылау-өткізу пункті алдағы уақыта үздіксіз 12 сағат қызмет істейтін болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай шешімді Моңғолияның Шекара қорғау басқармасы шығарған. Басқарманың хабарлауынша, алдағы уақытта, әсіресе кедендік бақылау-өткізу пунктінде кезек көп болатын жаз айларында «Ақкөл» өткелегі 12 сағат, яғни таңғы 9-да кешкі 21 сағатқа дейін жұмыс істеуге келісім бергендігі айтылған.

Баян-Өлгей аймағы әкімшілігі енді Ресейдің «Ташанта» өткелегімен келісімге келу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер екі тарап келісімге келер болса, 15 мамыр мен 15 қыркүйек аралығында шекара 12 сағат істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік «Ташанта» бақылау-өткізу пункті мен моңғолиялық «Ақкөл» пункті 8 сағаттық жүйемен жұмыс істеп келген. Бұл Қазақстаннан Моңғолияға туысшылап баратын жолаушылар көп жүретін кезде айтарлықтай кедергі келтіретін еді. Соның салдарынан шекарада 100-150 машинаға дейін кезек күтіп, кептелісте тұрып, адамдар 2-3 күн бойы шекарада түнеуге мәжбүр болатын еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер