BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Баян-Өлгейдегі «Ақкөл» шекара бекеті 12 сағат жұмыс істейді

Баян-Өлгей аймағы аумсағында орналасқан Моңғолия мен Ресей арасындағы «Ақкөл» шекара бекеті жазғы уақытта 12 сағат жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Моңғолиялық МОНЦАМЭ агенттігінің мәліметіне қарағанда, мұндай шешімді Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі шығарған.

Бұл туралы Моңғолияның Сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатардың Аймақтық азаматтар өкілдер құрылтайының басшысы Д.Бауыржанға жолдаған ресми хатында белгілі болды.

«Моңғолия мен Ресей арасындағы «Ақкөл-Ташанта» шекаралық өткелектердің уақытын өзгерту, жұмысын тиімді жүргізу мәселесі «Шекаралық өткелек және Монгол, Ресей елдерінің шекара бекеттерінен жеңілдетілген тәртіппен өту туралы Монгол елінің Үкіметі мен РФ үкіметінің 1994 жылғы Келісімшартында» көрсетілгендей екі ел аумағын жауаптанған шекаралық Толық құқылы өкілдерінің жиналысы осы салаға қатысты басқа ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген түрде ұйымдастырылды. Жоғарыда айтылған жиналыс шекара өткелегі, кеден қызметінің уақыт бөлісін, жолаушылардың көбейген кезінде алдын ала келісімімен 09.00-21.00 сағат аралығында жұмыстатуға келісті» - делінген министрдің ресми хатында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік «Ташанта» бақылау-өткізу пункті мен моңғолиялық «Ақкөл» пункті 8 сағаттық жүйемен жұмыс істеп келген. Бұл Қазақстаннан Моңғолияға туысшылап баратын жолаушылар көп жүретін кезде айтарлықтай кедергі келтіретін еді. Соның салдарынан шекарада 100-150 машинаға дейін кезек күтіп, кептелісте тұрып, адамдар 2-3 күн бойы шекарада түнеуге мәжбүр болатын еді.

Бұған дейін, аталған шекара бекетінің 12 сағат жұмыс істеуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер