Баян-Өлгейде 1000 бала бір мезетте күй тартты - Моңғолия қазақтары|23 Наурыз 2017, 11:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Баян-Өлгейде 1000 бала бір мезетте күй тартты

Моңғолиядағы этникалық қазақтар көп мекендеген Баян-Өлгей аймағында Наурыз мерекесіне орай мың бүлдіршін бір мезетте қазақ күйін күмбірлетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бай-Өлкеде Наурыз мерекесіне орай 1000 бүлдіршін күй тартты. Бүгін аймақта аздап қар жауды. Қазақы барлық дәстүр шара бойынша өтіп жатыр», - дейді видео авторы.

Айта кетейік, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы 1940 жылы құрылған. Аймақ орталығы - Өлгий, қазір бұл өңірде 91 мыңнан аса халық тұрады және сол халықтың 93 пайызы - қазақтар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер