BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Баян-Өлгей халқының саны артып келеді

Баян-Өлгей аймағының халық саны өткен жылғы желтоқсан айының көрсеткіші бойынша 101591 адамға жеткен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2245 адамға немесе 2,3 пайызға көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жергілікті моңғол тіліндегі МОНЦАМЭ порталы мәлімдеді.

1000 тұрғынға шаққандағы туу көрсеткіші 28 пайызға жетіп, 0,3 пайызға дейін жоғарылады, ал қаза болғандар саны 4,4 пайыздан 0,7 пайызға дейін азайып, қалыпты өсім 0,5 пайыздық өсімді көрсетіп, жалпы алғанда 23,6-ға жетті.

Аймақ бойынша 9322 адам тұратын Цэнгэл сұмыны (ауданы - ред.) алғашқы орында болса, 2814 адам өмір сүріп жатқан Алтанцөгц ауданы ең халқы аз сұмын ретінде тіркелді.

Ал Баян-Өлгей аймағының орталығы - Өлгий қаласының халық саны 1111 адамға көбейіп, 35118 адамға жеткен.

Аймақ халқының 58,8 пайызы - 16-59 жас аралығындағы еңбекке жарамды азамат.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер