BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

"Apple" компаниясында қызмет істейтін моңғолиялық қазақ қызы

АҚШ-тан білім алған, моңғолиялық қазақ қызы, жас инженер Әйгерім Сәулетханқызы әлемдегі алдынғы қатарлы электроникалық Apple компаниясында бағдарламалық инженер қызметін атқарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

montsame.mn агенттігінің мәліметіне қарағанда, ол 2017 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында ІТ мамандығы бойынша білім алған. Жастайынан парламент депутатты болуды армандаған ару өз өмірін ІТ саласы маманы ретінде бастады.

Ол өзінің осы биікке жетуіне туған шешесінің ерекше қамқорлығы арқасында жеткенін айтады.

"Apple" компаниясы 126 мың жұмысшысы бар алып өндіріс орыны. Солардың ортасында қазақтың қаршадай қызы да әлемге өз қолтаңбасын қалтыруға ұмтылып жүр.

Бір қызығы, Әйгерім аталған компанияда жұмыс істеуге қабілеті сай келген алғашқы моңғолиялық азамат. Тіпті алғашқы қазақ қызы болуы да мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер