BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда «Менің елім – Мәңгілік ел» форумы өтті

Фото: автор

Ертіс өңірінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мұрындық болған акцияда патриот ұл-қыздар бас қосты. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттауды мақсат еткен.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов құттықтау сөзінде Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлем елдері арасында бейбітшілік пен тұрақтылықтың нышанына айналып үлгергенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда Павлодар облысы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуда. Жастарға қолдау көрсетіліп жатыр. Тұрғын үйлер, жатақханалар мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Ертіс өңірінде жастар саясаты бағытында толағай табыстар бар. Мәселен, Павлодар облысында жастарға қызмет көрсету орталығы еліміз бойынша бірінші болып ашылды. Бүгінде осы орталықта ілкімді жобалар жүзеге асырылуда», - дейді Бауыржан Қасенов.

Еске сала кетсек, республикалық акция 4 қарашада Талдықорғанда бастау алған. Мерекелік шара аясында жастар «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» атты кітапқа тілектерін жазды. Кейін бұл кітап Мемлекет басшысына табысталмақ.

«Бүгін Павлодар қаласына «Менің елім – Мәңгілік ел» атты республикалық акциясы ұйымдАстырылды. «Мәңгілік ел» кітабы – акциямыздың негізгі нышаны. Сол кітапқа әрбір аймақтың жастары өзінің ширек ғасырда жеткен жетістіктерін жазады. Ертіс өңірінен соң бұл кітапты Шығыс Қазақстан облысының жастарына табыстаймыз», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар белсендісі Максим Споткай.

Ермек ЕЛЕМЕСОВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер