BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайлық телеарна "Qazaqstan" арнасының халықаралық жобасына қызығушылық танытты

Hunan TV телеарнасының шығармашылық тобы 30 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасында эфирге шығатын халықаралық «Жібек Жолы Жұлдызы» мегажобасының түсірілім барысымен қытайлық Hunan TV-нің шығармашылық тобы танысып қайтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер, режиссер, қоюшы – оператордан тұратын қытайлық түсірілім тобы «Жібек Жолы Жұлдызы» жобасының шығармашылық тобымен концерттік телевизиялық шоу жасаудың әрбір кезеңін, яғни сценарий жазудан бастап, эфирге дейінгі әрекеттерді талқылады.

Сондай-ақ, қытайлық әріптестер осындай шоулардың негізгі маркетингтік және кастинг өткізу стратегияларымен таныстырды.

"Екі күндік кездесуде екі жақ музыкалық концерттік жобалардың режиссурасы, қойылымы, драмургиясы және монтажы бойынша тәжірибе алмасты. Продюсерлер орындаушылардың шығармашылық образы мен шоу бизнес және эстрада жұлдыздарымен жұмыс жасау жолдарымен бөлісті" - дейді Ұлттық арна өкілдері.

Hunan TV – 1997 жылы қаңтар айында құрылған Қытай еліндегі танымалдылығы бойынша екінші телеарна. Hunan TV арнасының сигналы ҚХР-ның үлкен бөлігін, сонымен қатар Макао, Гонконг, Тайвань және шет мемлекеттерді қамтиды. Hunan TV – әлемге «I am Singer» жобасымен әйгілі болған телеарна.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер