Германияда «Құлагер» поэмасы сахналанды - Мәдениет|31 Наурыз 2018, 14:43
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Германияда «Құлагер» поэмасы сахналанды

Фото: karart.kz

Германияның Кельн қаласында Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы жер жаһанда тұңғыш сахналанды. Режиссеры – Целиноград өңірінде туған Ирина Миллер, ал басты рөлдің бірін сомдаған Гүзел Жан – А.Жұбанов мектебінің, Мюнхен театр академиясының түлегі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Германияның Кельн қаласында 150 шақты қазақ шаңырағы, 400-ден астам қазақ бар. Бұл өңірге қазақтар сонау 1965-тен бастап көшіп келе бастаған.

Бұл туралы Фейсбук қолданушысы Жадыра Жұмакүл жазды. Оның айтуынша, бар-жоғы төрт-ақ актер (немістің үш ер азаматы мен қазақ қызы) ойнаған қойылым неміс тілінде болса да, Ақанның зарын, Құлагердің сенімді жануар болғандығын, көреалмаушылық, қастандық пен қызғаныш сынды қанғасіңді жағымсыз қасиеттеріміздің ердің ерін қандай күйге түсіргенін аңғару қиын емес. Гүзелдің Ақан əндерін нақышына келтіре шырқауы, жігіттердің биі, қазақтың «Сарыарқа» мен «Көңіл толқыны» күйлерінің, «Маңмаңгер», «Балқадиша» əндерінің орынды берілуі жүректі шымырлатпай қоймайды.

Режиссер енді осы қойылымды Германияның астанасы – Берлинде, дүниенің басқа да бұрыштарында, қазақ топырағында қойылса деген арманы да бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер