BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биланның концерті, бұқаралық велошеру: Астанада осы аптада қайда баруға болады

Елорда әкімдігінің ресми сайты 13-19 тамыз аралығында өтетін мәдени және спорттық іс-шаралардың жоспарын ұсынады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Астананың «Столичный», «Жерұйық», «Студенческий» саябақтары мен қаланың тұрғын үй алаптарында елорданың 20 жылдығына арналған концерттік бағдарламалар жалғасын табады. Тұрғын үй алаптарының тұрғындары «Думанды Сарыарқа» концертін жексенбіде сағат 15:00 және 19:00-де тамашалай алады. Ал елорда саябақтарында өтетін «Саябақтың жеті кереметі» концерттерін жұмыс күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін көрермен назарына ұсынылатын болады.

13-19 тамыз аралығында Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясы дайындаған «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркемсурет көрмесі, «Ақанаевтар әулеті» және С. Мүсіреповтың «Жаңа бастау» жеке көрмелері, сондай-ақ, фотожурналист, жергілікті тарихшы Н. Имамовтың шығармашылығына арналған көрме жұмыс істейді. Экспозицияны сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін көруге болады.

Сенбі және жексенбі, 18 және 19 тамызда, елорда циркінде Астана тұрғындары мен қонақтарының алдында мәскеулік «Планета 13» Никулин циркі өнер көрсетеді деп жоспарланған. Басталуы сағат 17:00-де.

Сонымен қатар, бір апта бойы сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін астаналықтарды роботтар балы қуантпақ. Келушілерді Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдерден әкелінген роботтар қуантатын болады. Кештің басты қонағы – ұлыбританиялық робот гуманоид Теспиан. Күліп-жылай алатын робот қонақтармен әңгіме-дүкен құрып қана қоймай, Шекспирдің шығармаларын оқи алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, робот театрландырылған қойылымдарға да қатысқан. Ән салып, кітап оқитын техниканы «Нұр Әлем» павильонында көруге болады.

15 тамызда сағат 19:00-де Астана Операда «Бенефис альта» концерті, 19 тамызда сағат 18:00-де «Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу» концерті өтеді.

Ал Конгресс-орталықта 15 тамызда Дима Билан ән шырқайды деп күтілуде.

«Астана» концерт залында 16-20 тамыз аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін елорда тұрғындары көрме-жәрмеңкенің қонағы атана алады.

Сонымен қатар, бұл күндері «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Алпамыс» театрландырылған цирк шоуын тамашалауға болады. «Алпамыс» қойылымына әртүрлі елдердің 70 әртісі қатысады. Олардың барлығы халықаралық цирк конкурстарының лауреаттары мен жоғары деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздары, Du Solei циркі қойылымдарының қатысушылары. Басталуы сағат 19:30-да.

17 тамызда сағат 18:00-да қаржы министрлігі ғимаратының алдындағы «Цветочный» саябағында Спорт күніне арналған іс-шаралар жоспарланған.

18 тамызда таңертең Мемлекеттік рәміздер алаңынан «Астана-Арена» стадионына дейін бұқаралық велошеру ұйымдастырылады.

18, 19 тамызда елорда саябағының Амфитеатрында таңертеңнен грэпплингтен республикалық «Qazaq Batyry Championship» турнирі өтпек.

Аптаны Астананың саябақтарында өтетін «Fitness Park Astana» бағдарламасы аясындағы спорттық іс-шаралар аяқтайды. Өтетін күні: 19 тамыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер