Жастар театрының көркемдік жетекшісі Н.Жақыпбай «АЛТЫН АДАМ» ұлттық сыйлығының иегері атанды - Мәдени орталықтар|22 Қараша 2016, 13:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жастар театрының көркемдік жетекшісі Н.Жақыпбай «АЛТЫН АДАМ» ұлттық сыйлығының иегері атанды

2016 жылдың қараша айында Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ жыл қорытындысы бойынша, театр өнері (режиссура) саласына қосқан қомақты үлесі үшін «АЛТЫН АДАМ» ұлттық сыйлығының иегері атанды.

Ендеше назарларыңызға Нұрқанат Жақыпбайдың режиссерлік жұмыстарының жыл жетістіктерін ұсынамыз:

2016 жылдың наурыз айында Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған байқауға театрдың көркемдік жетекшісі және бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың Жастар театрында сахналанған У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясымен қатысып, «Жылдың үздік режиссері» аталымында жеңімпаз деп танылып, «ЕҢЛІКГҮЛ – 2016» кәсіби сыйлығының иегері атанды.

2016 жылдың қыркүйек айында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 25 жылдығына орай Белорусь Республикасының Брест қаласында ұйымдастырылған «Белая Вежа» ХХІ халықаралық театрлар фестиваліне Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтің «Шыңғысхан» әфсанасымен (қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) қатысып, «Ең әсерлі қойылым» («За зрелищное воплощение поэтических притч») аталымындағы жүлде иегері атанды.

Сондай-ақ, дәл осы жылдың қыркүйек айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық театрлар фестивалінде Ж.П.Пило мен О.Шультездің «Моцарт» мюзиклімен (қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) бақ сынап, «Ең үздік спектакль» жүлдесіне лайық деп танылды.

2016 жылдың қазан айында Талдықорған қаласында өткен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VI Орта Азия мемлекеттері театрларының халықаралық фестиваліне У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясымен қатысып, (қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) жүлделі І орныға ие болды.

Аталмыш қойылымдардың барлығын да Жастар театрының сахнасында, талантты артистердің орындауында тамашалай аласыздар. Театрда жүздесейік.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер