BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жастар театры «Жер мен көктің арасы» қойылымымен фестивальде өнер көрсетеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан театрлары ассоциясының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 2-8 кыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Қ.Сүгірбеков атындағы І Республикалық жас режиссерлердің форум-фестивалі өтуде.

Аталмыш өнер додасына Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры 6 қыркүйек күні сағат 19:00-де талантты актер Дәурен СЕРҒАЗИННІҢ режиссерлігімен сахналанған М.Левидің «ЖЕР МЕН КӨКТІҢ АРАСЫ» мелодрамасымен бақ сынайды.

Өмірдің біз біле бермейтін сан қырлы құпия сырлары өте көп. Солардың кейбіреуінің шешімін тауып жатсақ, ал кей сұрақтарға жауап таба алмай, біз үшін жұмбақ болып қала береді. Міне, осындай көп мәселелерінің бірі нәзік сезімдермен астасып, махаббат арқылы театр сахнасына жол тартты. Қойылымның философиялық терең астары көрерменін өмірге басқаша көз тігуге үндейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер