Орынборда өнер көрсетті - Мәдени орталықтар|31 Наурыз 2017, 12:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Орынборда өнер көрсетті

«Сыр елі – жыр елі» деген киелі тіркестің жүгін сырбойылық әрбір өнерпаздың үлкен жауапкершілікпен арқалап келе жатқаны қуантады. Сыр еліне тән мақамдарды көмейіне қондырып, көрерменінің ыстық ықыласына бөленіп жүрген дәстүрлі орындаушылармен қатар эстрада жанрын терең меңгеріп, бүгінгі тыңдарманның талғамына сай жеткізіп жүрген әншілердің де орны бөлек. Республикалық, халықаралық байқауларда шашасына шаң жұқтырмай, жүлделі орындарды қанжығасына байлап, Сыр елінің атын төрткүл дүниеге паш еткен өнерпаздармен мақтануға болады. Өңірдегі осындай өнерлі орданың бірі – Қызылорда облыстық филармониясы.

Еліміздің барлық қалаларымен бірге, шетел асып ән шырқаған өнер ордасының кезекті гастрольдік сапары Орынборда жалғасты. Яғни, 23-26 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы қандас бауырларымызға Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз-думан» атты мерекелік концерт тарту етті. Гастрольдік сапар барысында Соль-Илецк, Беляевка, Димитровский, Новорск аудандары қамтылды.

Мерекелік концертте "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің иегері Ү.Медеуова, Н.Нұраддинова, О.Нұралиев, Б.Молдабергенов, З.Баймұрзаева өнер көрсетті. Сонымен бірге, «Томирис» би ансамблі көрермендерге мың бұралған билерді тарту етті. Кеш барысында орынборлық ағайындар өнер иелерімен бірге ән шырқап, зор қошеметке бөленді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер