Қуыршақ театрында жаңа қойылым - Мәдени орталықтар|05 Мамыр 2017, 17:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қуыршақ театрында жаңа қойылым

Екі кішкентай балақай ересектердің жауыздыққа толы өмірін түсіне ала ма? Бала көңіл тек жақсылық пен мейірімді ғана қалайды. Жауыздық, зұлымдық, соғыс деген ұғымдар сәбиге жат. Атадан балаға жалғасып келе жатқан кекті екі балақай өшіре ала ма?

Жақып Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік» атты пьесасы – балалар мен жасөспірімдерге арнап жазылған. Рүстем Жаныамановтың режиссуралығымен қойылатын бұл спектакль балалардың жақсы мен жаманды ажыратуына жетелейді. Cпектакль достық деген ұлы ұғымды қастерлеп, үлкенге деген сыйластықты, кішіге деген ізеттілікті көрсете келе, батылдық пен қайсарлықты, өжеттілікті дәріптейді. Қойылым қызықты тартыстарға толы. Басты кейіпкерлер Құлыншақ пен Бөлтірікті Қуыршақ театрының актрисалары Арай Сақтағанова мен Толқын Тлеулиева ойнайды. Бозайғыр ролінде актер Бақытжан Қаюовты көре аласыздар. Ал, жағымсыз кейіпкер Көкбөрі бейнесін актер Болат Момынжанов сомдайды. Қызықты актерлік ойынға, тың режиссерлік шешімге, қызу тартысқа толы ертегі сәбилерді күтеді!

Премьера: 11 мамыр, сағат 11:00-де.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер