Қазақтың Мемлекеттік қуыршақ театры - Мәдени орталықтар|15 Қараша 2016, 11:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақтың Мемлекеттік қуыршақ театры

Қазақтың Мемлекеттік қуыршақ театры өзінің шығармашылық қалыптасу даму жолы 1935 жылдан бастау алады. Сол кезден бастап көптеген өнер шеберлері бүлдіршіндер үшін өнер көрсетіп, сан мың қуыршақ сахна төрінен көрініп, кішкентай көрермендердің жүрегін жаулап алған болатын. Театр алғашқы үш жылда орыс театры болып өнер көрсетті.

1938 жылы Қазақстанның мәдениеті жөніндегі халық комиссары Темірбек Қараұлы Жүргеновтің шешімімен қуыршақ театрында қазақ труппасы ашылып, режиссерлік қызметке Анчаров тағайындалды. Алғашқы қуыршақтарды жасап шығаруға тәрбиешілер: Неревяткина, Чепурков, Филиппова, Озерный, Бориловская, Чкалов, Масалов, Атеев, Стериндер қол ұшын берді. Театрдың алғашқы жетекшісі болып Б.А.Федорченко сайланып, оқушылар мен оқытушылар белгілі орыс халық ертегісі «Шалқанды» («Репка») сахнаға дайындады. Театр есігін алғаш ашып отырған көрермендер үшін түсінікті, тәжірибесі аз әртістерге роль ойнауға ыңғайлы, оқиғасы жеңіл, әрі қарапайым болғанын жөн деп тапқан үйірме мүшелері арада көп уақыт өтпей Сперанскийдің «Игнашка ұры» («Вор Игнашка») пьесасын қолға киіп ойнайтын қуыршақтармен қояды. Қуыршақтар тек киімі арқылы, ал спектакль аздаған бутафорлық заттар арқылы ерекшеленді. Артынан А.С.Пушкиннің ертегісі бойынша жасалған «Балықшы мен алтын балық» қойылымы сахналанып, театр ең алғашқы гастрольге шыға бастады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер