Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен ArtLane көркемсуретті галереясы мәскеулік өнертанушы әрі журналист Армен Апресянның «Өнердің басқа тарихы» атты дәрісін ұсынады. Ол музейдегі «Әсем Әлем» Өнер академиясының аясында 2018 жылғы 19 қаңтарда, жұма күні сағат 18.00 де өтеді.
Армен Апресян – ММУ түлегі, философия ғылымдарының кандидаты, РХШжМҚА қоғамдық ғылым институтының Дизайн мектебі бағдарламасының директоры, өнертанушы, журналист, Gala Биография және Аэрофлот Premium журналының тұрақты авторы, өнер тарихы бойынша дәрістер қатарының құрушысы. Жеті жыл бойы оның дәрістері Ресейдің Мемлекеттік тарихи музейінде, Анна Ахматованың музей-үйінде, мәскеулік ArtStory және WHO I AM Gallery галереяларында, сондай-ақ, InterContinental Moscow Tverskaya мейманханасында сәтті өтіп келеді.
Өнер тарихы кіммен және қалай жасалады? Оның даму тенденцияларын кім және қандай мақсатта анықтайды? Көркем шығарма тапсырыс берушінің қалауы мен талғамына қалай байланысты болады? Жасанды бұйымдар өнердің тарихына қалай әсер етеді? Діңшенің зығыр мануфактурасының иесі Павел Третьяков пен табысты парфюмер Генрих Брокар, Тверь мануфактурасы серіктестігінің басшысы Иван Морозов және Греция мен Канада елшіліктерінің қызметкері Георгий Костаки... Бұл жандардың барлығын өнер шығармаларына деген махаббат біріктірді, және олардың жинауға деген құмарлығы орыс өнерінің тарихын бүгіндері біз білетін деңгейге жеткізді. Егер де ірі коллекционерлер болмағанда, ресейлік музейлердің залдары қалай көрінетін еді? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Армен Апресянның «Өнердің басқа тарихы» дәрісінен табатынымыз анық.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!