BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Әуезов – бейнелеу өнерінде» атты көрменің ашылуы өтеді

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында 30 қыркүйек күні сағат 10.00-де Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай «Әуезов – бейнелеу өнерінде» атты көрменің ашылуы өтеді.

Қазақ халқының ой-өрісін, биігін көрсететін Абайдан кейінгі үлкен тұлға – Мұхтар Әуезов. Әлемдік деңгейдегі классик жазушы, ғұлама ғалым, даңқты драматург, ұлағатты ұстаз Мұхтар Омарханұлы Әуезов бейнесі қылқалам шеберлерінің негізгі өзекті тақырыбына айналды. Жалпы М.Әуезов және оның шығармалары суретшілер үшін әрқашан шабыттың қайнар көзі болды.

Абай мұражайы ұйымдастырып отырған көрменің мақсаты: М.Әуезов тақырыбына арнаған мұражай қорындағы бейнелеу өнер туындыларын көпшілік назарына ұсыну.

Көрмеде Е.Сидоркин, А.Шевченко, М.Әлиакпаров, Н.Өтепбаев, Ә.Бұқарбаев т.б. суретшілердің М.Әуезов және оның шығармашылығына арналған бейнелеу өнер туындылары орын алады.

Сондай-ақ «Экспонат тарихы» жобасы аясында қордағы Мұхтар Әуезовтің өз қолымен жазған хаттарының таныстырылымы өтеді.

Байланыс телефоны: 8-7222-56-59-76


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер