Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
26-28 мамыр күндері Астана қаласының Мəдениет жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен Елордамыздың 20-жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының мәдениет күндері аясында ЖАСТАР ТЕАТРЫ Ақтау қаласында өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры.
Ақтаулық көрермендер назарына Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» мюзиклін, Н.Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» музықалық қойылымын, У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын ұсынады.
Сонымен қатар, 29 мамыр - 2 маусым күндері Жастар театрының гастрольдік сапары өз жалғасын табады.
Гастроль барысында театр репертуарындағы Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» сахналық повесін, Н.Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» музыкалық қойылымын, У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» мюзиклін тамашалай алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!