BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Астана – асыл арманым» концерті өтеді

Әйгілі опера әншісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы «Астана – асыл арманым» концертінде өнер көрсетпек. Астананың 20 жылдығына арналған тамаша музыкалық кеш 8-қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар осы кеште сахнаға: «Астана Опера» жетекші солисі, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян (бас), шақырылған тенорлар Мұрат Қарахан (Түркия) және Родриго Поррас Гаруло (Германия) шығады. Концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрі және хор қатысады. Дирижерлік тұғырда – әйгілі маэстро Франческо Иван Чампа (Италия), бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына көпшіліктің сүйікті халық әндері әрі отандық және шетелдік опера классикасының жауһарлары ұсынылатын болады. Дж.Вердидің, Дж. Пуччинидің, Ж.Массненің, Х.Хименестің, Ф.Барбьеридің, И.Кальманның, Ф.Легардың, Д.Шостаковичтің, И.Дунаевскийдің, Н.Жигановтың және т.б. туындыларынан ариялар, дуэттер, трио және опералар мен оперетталардан сахналық көріністер шырқалады.

Майра Мұхамедқызы Париж ұлттық операсы, Лотарингия ұлттық операсы (Нанси қ.), Кан театры, Ренна опера театры, Бордо театры, Вашингтон ұлттық операсы және т.б. әлемнің ең үздік театрларындағы опера классикасының жауһар туындыларындағы басты партияларды табысты орындады. Бұдан бөлек, ол лондондық Кадоган-холлда, берлиндік Концертхаусте, Венадағы Хофбург сарайында, Париждегі ЮНЕСКО залында, пекиндік «Жон Шань Ли Тан» залында және т.б. Европа мен Азияның, Американың беделді залдарында жеке концерттерімен үнемі өнер көрсетеді. Сахнадағы серіктестерінің қатарында – Мирелла Френи, Роберто Аланья, Марсело Альварес, Сергей Лейферкус, Кристина Гайардо-Домес, Стивен Костелло, Бюлент Бэздуз сияқты көптеген опера жұлдыздары бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер