BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әшірәлі Кенжеевті еске алу кеші өтеді

30 сәуір күні (баст. 17.00 де) М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының үлкен залында Қазақстанның халық артисі Әшірәлі Кенжеевті еске алу кеші өтеді.

Әшірәлі Кенжеұлы 1946 жылы 6 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Көлтоған ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институты театр факультетінің актер бөліміне КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның шеберханасына түседі. Студент кезінен-ақ ерекше дарынымен танылған Ә.Кенжеұлы институттың 4 курсында оқып жүріп, М.Әуезов атындағы драма театрына қызметке қабылданады.

Сол жылдардан бері Ә.Кенжеұлы 33 жыл бойы театр өнеріне жан аямай қызмет етті, осы театрдың сахнасынан түспеді. Шығармашылық ғұмырында ол Қозы («Қозы Көрпеш-Баян сұлу»), Алшағыр («Қарақыпшақ Қобыланды»), Көтібар («Айман-Шолпан»), Кеңгірбай («Еңлік-Кебек»), Абай («Абай-Әйгерім»), Шоқан (Шоқан Уәлиханов), тағы да басқа бейнелерді сәтті сомдап, шебер ойыны көрермендер жүрегіне ұялады.

Әшірәлі Кенжеұлы жасаған жүзден аса кейіпкерлерінің әрқайсысы өзіндік дара мінезімен, болмысымен ерекшеленеді. Шебер сахнагердің шығармашылығының соңғы кезеңінде орындаған Мард («Томирис»), Құнанбай («Абай-Тоғжан») бейнелері айрықша көзге түсіп, мамандар тарапынан жоғары баға алды. Өнер үшін туып, сахна үшін жаралған жайдары мінезді, адами қасиеттері жоғары Ә.Кенжеұлы барлық ортада сыйлы болды, айналасындағылар құрмет тұтты.

Қазақ сахна өнеріне қосқан үлесі үшін ол 1982 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 1998 жылы Қазақстанның халық артисі атағын алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер