«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - желтоқсан» - Мәдени орталықтар|14 Желтоқсан 2016, 14:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - желтоқсан»

2016 жылдың желтоқсан айының 12-шы жұлдызында, Алматы қаласы ОКЖ-нің №6 кітапхана филиалының оқу залында, «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - желтоқсан» атты кездесу кеші өтті. Мәдени шараға №64 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

Кездесуде арнайы шақырылған қонақтар баяндама жасады, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. «Қасиеттім желтоқсаным!» атты көрме, ұйымдастырылды, «Желтоқсан желі» бейне көрсетілім көрсетілді. Мектеп оқушылары арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын көрсетті. Кеш барысында Қалқаман Саринның «Тәуелсіздік» өлеңін 5 «а» сынып оқушысы Нұрсұлтан Бауыржан мәнерлеп жатқа оқыды, «Желтоқсан алаңындағы жыр» өлеңін Тұрсын Даулет, Алиева Бағила, Ескен Жания оқыса, Әлібек Шегебай «Қабырден хат» шығармасын Құрбанбеков Бексұлтан, Смайыл Еркебұлан, Пшен Дарын, Естайұлы Айбек жатқа айтты, 2 «а» сынып оқушысы Ырысбек Диас Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан» шығармасын, №53 мектеп-гимназиясының 2 «ә» сынып оқушысы Құралбек Ернұр «Отан», «Шеше сен бақыттысың» өлеңдерін оқыды. Осы мектептің дайындық сыныбының оқушысы Құралбек Еркенұр желтоқсан туралы өлең оқып кеш қонақтарын тәнті етіп, ризашылығына бөленді. Кештке «Қара бауыр қасқалдақ» әні, «Ерке сылқым», «Сал күрең» күйі орындалды.

Нұрсұлтан Назарбаев: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар айдай әлемнің алдында кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс бұдан былай ешқандай баса көктеуге мойынсынбайтынын паш етіп берді. («Ғасырлар тоғысы» кітабынан). Желтоқсан оқиғасының ұлттық азаттығымыз жолындағы күресте орны бөлек екендігін уақыт дәлелдеуде. Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күні еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Кездесу кешін кітапхана меңгерушісі Кадырбекова Балнұр Асқарқызы қорытындылап, кеш қонақтарын және шараға белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Еліміздің тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттыұтаймыз! Азат еліміздің еңсесі биік, мәртебесі үстем болсын!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер