«Алтын адам» көрмесі - Мәдени орталықтар|16 Қыркүйек 2016, 12:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Алтын адам» көрмесі

2016 жылғы 6 қыркүйекте Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бастауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени туры өтті.

Аталмыш шараның басты ерекшелігі – Тәуелсіздіктің бағалы мұрасына айналған «Алтын адам» жәдігерімен Қазақстан қалаларында болып, бағалы мұрамен өңір тұрғындарының жақынырақ танысып, зерделеп, түсіуіне мүмкіндік беру. «Әлемге танымал «Алтын адам» артефактісі», Елбасы Н.Назарбаев айтқандай «Қазақстанның бетке ұстар жәдігері», елдігіміздің басты символы, республикамыздың ең құнды жәдігері.

«Алтын адам» көрмесі «Ұлттық музейге саяхат» және 3D графикалық видиороликтермен бірге ұсынылғандықтан, Семей көрермендерінің үлкен қызығушылықтарын тудыруда. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Семей қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімінің жетекшісі Б.Көпбаев, Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Доғалақов, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Б. Теміровтер тамаша «Ұлттық музей сенің қалаңда» жобасын іске асыруда арқау болған Республика мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің басшылықтарына зор алғыстарын білдірді. Семейліктер бұл шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ұлттық идеологияның негіздерін бағамдауда баға жетпес іс болды деп ризашылықтарын білдіруде. Түске дейін 300 ге тарта көрермен музейде болып, көрмені тамашалады. Көрме жұмысы жалғасуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер