BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Алматыда мәдени индустрияны дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізіледі

Алматы, 2016 жылдың 27 қыркүйегі – Алматыда «Қазақстандағы мәдени индустриялар: өркендеу мәселелері және даму перспективалары» тақырыбына арналған алғашқы салалық дөңгелек үстел өткізіледі, аталған дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының, Қазақстандағы Гёте институты мен «Жаухар» картина галереясының қолдауымен, «Cultural Dialogue творчестволық бастамалар орталығы» қоғамдық қоры мен Art Cluster арт-менеджерлердің формалды емес бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Мәдени индустрия деп мемлекеттік және жеке театрлардың, мұражайлардың, кітапханалардың, галереялардың және өзге де мәдени мекемелер мен жобалардың қызметін түсінеміз. Қазіргі таңда дамыған мемлекеттер, мұнайға тәуелділіктен арылу стратегиясын жүзеге асыру арқылы, ел экономикасының бір бөлігі ретінде мәдени индустрияны қарастырып жатыр. Мәдениет өз кезегінде жұмыспен қамтудың, табыс табудың және экономиканы диверсификациялаудың маңызды көзіне айналуда. Мәдени және креативтік индустрияның бір жылдағы әлемдік айналымы 1,3 триллион долларды құрап отыр, ал бұл дегеніміз жылына 10%-ға өсіп отыратын әлемдік жалпы өнімнің 4,5%-ын құрайды және ол өндіріс пен қызмет көрсету салаларына қарағанда тез дамып келеді.

Дөңгелек үстел аясында, қауымдастық үшін көкейтесті мәселелерді, атап айтқанда менеджментті, қаржыландыруды, табыстылықты, алға жылжыту мен маркетингті, аудитория тартуды, кадрларды дарярлау мен әкімшілік етуді талқылау үшін, өздері ұсынатын театрлардың, мұражайлардың, галереялардың, көрмелердің және басқа да творчестволық жобалардың стратегиялық дамуына жауапты, қазақстандық мәдени индустрияның арт-менеджерлері бас қосады.

Сондай-ақ, аталған дөңгелек үстелде мәдениет және өнер саласындағы 60-тан астам мамандар, соның ішінде тәуелсіз театрлардың директорлары: "Болат Аюхановтың балеті" – Райхан Унгарова, "ARTиШок" - Анастасия Тарасова, "Жас Сахна" – Айгуль Султанбекова, жеке галереялардың директорлары: "Вернисаж" - Анна Петракова және "Белый рояль" – Тогжан Куттугаева, музыкалық фестивальдардың директорлары: Spirit of Tengri - Батыр Қазыбаев, джаз фестивалі - Қарлығаш Мақатова, Clique Fest – Наргиз Шукенова және басқалары өз пікірлерін ортаға салады.

“Cultural Dialogue творчестволық бастамалар орталығы” ҚҚ директоры Жанна Мамбетова атап өткендей: «Дөңгелек үстелді ұйымдастыру барысында, шақырылған товарчестволық жобалардың басшылары, өздерінің диалогқа және ынтымақтастыққа даяр екендігін көрсетті. Сонымен қатар, 2016 жылдың 19 қыркүйегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осы саланы экономиканың бір секторы ретінде дамытуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. Мұны біз Қазақстандағы мәдени индустрияның дамуындағы дұрыс қарқын деп білеміз».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер