BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда «Қыз Жібек» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

13-14 маусым күндері М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасының премьерасы өтеді.

Қазақтың лиро-эпостық жауһар жыры «Қыз Жібек» махаббат гимні десе болады. Осы эпос негізге алынған бұл туындыға да Қыз Жібек пен Төлегеннің жүрек тербірентер қайғылы махаббаты арқау болған. Оқиғалар негізінен жағалбайлы руынан шыққан батыр Төлеген, шекті руының сұлуы Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ...

Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын қойылымда ұлттың өмірі мен тығыз байланысты дәстүрлер де - бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. жақсы көрініс тапқан.

«Қыз Жібек» музыкалық драмасының шығармашылық құрамы:

Қоюшы-режиссер Е.Нұрсұлтан

Режиссердың ассистенті Ш.Жанысбекова

Қоюшы-суретші Е.Тұяқов

Киім суретшісі Н.Қалиева

Музыкасын өңдеген А.Райымкұлова, Т.Жармұқанбет

Балетмейстер А.Сыдықова

Сахна сайысы А.Байлин

Вокал пәнінің ұстазы Г.Қарамолдаева

Хор пәнінің ұстазы Г.Берекешев

Режиссердің көмекшісі С.Гениярова

«Қыз Жібек» музыкалық драмасында танымал жұлдыздар С.Бақаева, А.Шаяхметов, Е.Дайыров, А.Киркабаков,М.Тағанов, Ш.Асқарова, Ш.Жанысбекова, Г.Тутова,Б.Тұрыс, Б.Әбділманов, С.Мерекеұлы, Ж.Толғанбай,З.Карменова, Д.Үсенова, Ж.Жаныаманова, К.Шаяхметова, Ж.Мақажанова, А.Жұмабаев, Ж.Тинбаев, А.Бақытжанова сынды басқа да көптеген театр артистері өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, қойылым ел өміріндегі маңызды шара «Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының Астана қаласындағы гастрольдік сапарында 23 маусым күні сағ.19-00де Астана Жастар театрының сахнасында әлем жұртшылығының назарына ұсынылмақ.

Сондай-ақ,14 маусымда театрдың 91-маусымының жабылу салтанаты өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер